17.06.2022
154
СЕН ОҚЫДЫҢ ЖЫРЛАРЫМДЫ
Сен оқыдың жырларымды,
туысым,
нұқып қойдың кітабымды:
қу ішің
қармаққа ілді мағынасын бір сөздің,
əлде, сездің көңілдің бір қуысын.
Қиялыммен жасап алып өзіңді
мен отырмын
байқап-бағып көзіңді:
оқып болдың,
қайталадың сəлден соң
өлеңімнің соңындағы сөзімді.
Кенет,
сенің жайнай берді жаз жаның.
мен бетіңнен сүйіп ала жаздадым.
Көңіліңе ұнады ма?
сенікі ол,
сол өлеңді саған арнап жазғанмын.