17.06.2022
  241


Автор: Алмас Ахметбекұлы

ЕСКІ СУРЕТ

Ескі сурет ұмытылған талайғы,
Жатырқайды бүгінгі бұл маңайды.
Тебірене өткен шақтың дидары
Емірене терезеден қарайды.
Ескі сурет екі түсті – ақ, қара,
Ескі дəурен ақ мақтадай тап-таза.
Көкірегіңді жұмсақ ұлпа мақтаға
Орай қойған бақытты бір сəт қана.
Ескі сурет, епсіз жүрек нəп-нəзік,
Қалғаны ғой елеусіз бір сақталып,
Көлденеңдеу сұқ көздерден жасырып,
Конвертке бірге салған хат жазып.
Ескі сурет – аңқау албырт жас шағың,
Болмайтын шақ махаббаттан басқа мұң.
Еш салмақсыз дірілдейсің қолымда
Қолдан кеткен бақытты шақ
Қас-қағым





Пікір жазу