meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.06.2022
  134


Автор: Алмас Ахметбекұлы

СҮЙЕНІШ

Қара таудың
шертпе күйі – шежіре
мені дайым мойытады өзіне.
Оны шертсем
не жайында, кімменен
қысқа-қысқа сөйлесемін ымменен.
Сол меңзеген
сүрлеу жолды жағалап,
жан келеді
денемізге аманат.





Пікір жазу