17.06.2022
130
ӨЛЕҢ
Гүл сыйлайын қауашағын ашпаған
Жүрек сынды жұп-жұмыр.
Жыр сыйлайын оқымаған басқа жан
Əр шумағы бір ғұмыр.
Жан түйсігім гүлдің ұлпа бүріндей
Саусағыңа білінсін.
Сөз сиқыры тұнық судың түбінен
Қармағыңа ілінсін.
Ойла мені, өлең оқы бір өзің
Сəттеріңде сағынған.
Махаббатқа шөліркесе жүрегің,
Мен қасыңнан табылам.