meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.06.2022
  143


Автор: Серік Жетпісқалиев

Көне алмай мына өмірдің илеуіне...

Көне алмай мына өмірдің илеуіне,
Қараймын көлге, қайың билеріне.
Аңсаған сұлулық пен адалдықты
Өмірден маған үлес тимеді ме?
Салмағы қу тірліктің жаншыр ма екен,
Секем мен күдік аулақ қалсын менен!
Адасқан аспанынан аласұрып,
Қыранға болар екен қай шың мекен?!..





Пікір жазу