17.06.2022
156
![](/uploads/shorttexts/author_image/4426c8a56b83bf45177903d9aa9c1c4d.png)
Аяқасты болады-ау, сынағы ердің...
Аяқасты болады-ау, сынағы ердің,
Сен жолығып...
Сілкініп шыға келдім!..
Жастық деген теңіздің толқынында,
Жалт-жұлт етіп желкенім тұра бердім!..
Сен тағдырдың, шамасы, сыйысың-ау,
Аяқасты бәрінің қиысуы-ай!
Талықсыған құмартып, тынысың-ай,
...Көргеннен-ақ бергенсің жылыұшырай!