17.06.2022
  116


Автор: Серік Жетпісқалиев

Қауызыңды аш, қонайын көбелек боп...

Қауызыңды аш, қонайын көбелек боп,
Жатайын құшағыңда денем от боп!
Білемін, жалған дүние – мына өмірде
Өзіңнен басқа ешбір керемет жоқ!
Қамбаспын ғұмыр бойы кәусарыңа,
Айналдың мәңгі іздеген аңсарыма.
Бұл әлде сезімнің құр сергелдеңі
Бұл әлде қызыл сөздің жаңсағы ма...





Пікір жазу