17.06.2022
  101


Автор: Серік Жетпісқалиев

ӨМІРДІ АЛДАҒЫМ КЕЛЕДІ!

Ұмытып түйгенін, дерегін,
Өшіріп қайғысын көне күн.
Соңыма қалдырып белгісін,
Өмірді алдағым келеді!..
Ауыр сөз айтпаған бір адам,
Күнделік көктем жыр құраған.
Кезім жоқ жан болғым келеді,
Орларға өкініп құлаған!
Жақын кеп... жақын боп қала алмай,
Жайдан-жай ... өштерін ала алмай!
Кезі жоқ күйреген көңілдің,
Үміттің майшамын жаға алмай!...
Алдынан шықпай бір керегі,
Көңіл құр арманға ереді.
Өткеннің бәріне көз жұмып,
Өмірді алдағым келеді!
Жалғаннан талайлар айныған,
Осы ма ед, ей тағдыр, «бай мұраң»?!
...Адамдар өлмейді аурудан,
Адамдар өледі қайғыдан!
«Ұмыттым» десең кім сенеді,
Жүректің мұң-қайғы қорегі.
Жазулы тұрса да әр ізім,
Өмірді алдағым келеді!
Білсем де не ойлап, не дерін,
Білсем де ерекше шеберін.
Өзім де алданып өтірік,
Өмірді алдағым келеді!





Пікір жазу