17.06.2022
  84


Автор: Серік Жетпісқалиев

НҰРҒАБЫЛ

Шығып алып қыран қонар шыңға бір,
Ертелі-кеш оранатын нұрға кіл.
Мерейі өсіп отыр, әне, мөлдіреп,
Елден- жұрттан алғыс алған Нұрғабыл!
Ақ бата мен алғыс алған мың да бір,
Еңбегімен төске өрлеген тұлға бұл.
Төнген дерттің найзасына қалқан боп,
Екі ортада араша боп тұрған ұл!
Дос-жаранның лебізін тыңда бір,
Қосылсын кеп әуенге әуен, жырға жыр.
Бала күннен жөні бөлек, әдепті,
Жұрт шекіссе шыр-пыр болған Нұрғабыл!
Мына өмірдің соқпағында сынба бір,
Алғыс, бата болсын дәйім шын қабыл.
Ақ тілектер мерейіңді өсіріп,
Қосылсын тек баққа бақыт, нұрға нұр!
Бізге мақтан, ел бағына туған ұл,
Алда сенің алар биік шыңдарың.
Алғыс болсын ертелі-кеш естірің,
Мерейтойың құтты болсын, Нұрғабыл!





Пікір жазу