17.06.2022
  130


Автор: Серік Жетпісқалиев

КӨКШЕТАУ МЕШІТІНІҢ МҰНАРАЛАРЫ!..

Топ жарған шешен, би, ғұламалары,
Қатпастан омыртқалары, бекімей бұғаналары,
Жауға шапқан батыр-баһадүрлері
Аңсаған осы күнді , ұға ма бәрі?!...
Белгілі басқаға ой-армандары ұнамағаны,
Халықтың ұстаным, нанымы құламағаны.
Сол ниет-тілектің жалауындай болып,
Көкшетауда әні, көтерілді мешіттің мұнаралары!...
Қуанып «Қылыш ақтысы», ақ бұлақтары,
Қуанып биік Оқжетпес, тасы, шақпағы.
Көрмейме ешкім судың сыңғырлап, желдің әндетіп,
Ерекше бір күйге салып жатқанын!..
Жиылған жұрттың сиып кететін,
Иманға түгел ұйып кететін,
Езілгендерді иықты ететін
Үлкен мешіттің керегі қашан
Жоғына перзент күйіп кететін!..
Құлшылықпенен ақтылап таңын
Иманның сақтап кеудеде шамын
Көрмейме ешкім жас жігіттердің
Көкшеде мешіт салып жатқанын?!..
Көмекке ұмтылып көшені тастап
Жастардың сонда барып жатқанын?..
Шел басқан көңілдің қатты қатпары,
Иманы әлсіздің күңгірт ақпары.
«Мешітке деген қаражат тапшы»
Дегеннің тағы кері тартқаны!..
«Мешіт салуға қаржы таппады,
Орталап салып, тағы тастады»
Дегеннен сақта Алла деп бізді,
Ағаларым жүр шапқылап бәрі.
Қалталарын жүр қаққылап бәрі.
Осы емес пе еді, халқымның сағынған әні,
Сын болар сұмдық қаржының табылмағаны.
Салынсын мешіт ұмтылған ұрпағың сияр,
Жаның қалмаса, жағада арың қалады!..
Созар ма қолын Көкшенің қалың қонағы?
Жаның қалмаса жағада арың қалады,
Жөн ғой мұндайда ұлдардың жалындағаны.
Тас түйін ерлер Алла деп атқа мінгенде
Бар ма еді сірә, қамалдың алынбағаны?!
Мешітке бергенің берекең үшін,
Ертеңің үшін, мерекең үшін.
Дәл осы жолы көрсет қайратыңды,
Кәні, кімдерден кем екен күшің?!..
Ер жігіт жолда сыналар әлі,
Жүргеннің өрге шыға ма бәрі?
Алланың бір аты халық демей ме,
Қаражат басы құралар әлі.
Мешітке берген әр тасың-тарих
Орынын тауып тұра қалады.
Шақырған азаны алыстан естіліп,
Иіліп барсаң күнәңді кештіріп.
Алыстан, Ай сүйіп, көз тартып тұрар,
Көкшетаудағы мешіттің мұнаралары!..
Қанша бастама , өкінтіп, тұраламады,
Күбір де күбір сөз болып, тына ма бәрі.
Жаутаң да жаутаң біздерге қарайтын секілді
Қаланып қалған мешіттің мұнаралары..





Пікір жазу