17.06.2022
  111


Автор: Серік Жетпісқалиев

МҰСТАФАҒА

\жиен немереме\
Мен жоқта...
Есімімді біреу ұмытып,
Біреу ұмытпағанда,
Есігін иесіз үйімнің
Қыздарым құлыптағанда.
Жырларым ғана нұр құйып жүрек біткенге
Жанарым аялап, ешкімді жылытпағанда...
Көз жетпес сонау көк биігінен
Арылып пенденің қайғы-мұң, күйігінен.
Бұлбұл құсы әндеткен,
Ақ самалы жанды өбкен
Шықтан моншақ тағынған
Жасыл желек жамылған
Жақсыларын сағынған
Жерге қарағанымда...
Жұрт сүйер бір қылығымды қайталашы,
Құлыным!..
Дейін мен де:
«Жер бетінде қалған екен сынығым»,
Дүниенің тұрлаусызы белгілі
Болмаған соң айтқаным ғой бір ұлым...
Жердегінің тірлігі сол қым-қиғаш,
Итіс-тартыс, тоқтап ақыл жиғызбас.
Қайсысының сөзін тергеп болайын,
Өсекшіні ешкім жеңіп тидырмас.
Мұным менің пенделіктің сөзі емес,
Жердегі көп армандардың өзі –елес.
Барлығыңа қуанғаным, марқайып,
Емес мұным айтыс-тартыс, ерегес.
Білмеймін , жұрт жақсы ісімді айта ма,
Шыр-пыр болып төккен терім қайта ма?
«Серік ақын сондай еді-ау!» десін жұрт
Бір-ақ жақсы қылығымды қайтала!..





Пікір жазу