![](/uploads/shorttexts/author_image/4426c8a56b83bf45177903d9aa9c1c4d.png)
ҚАРА ЖОРҒА -ҚАНАТЫМ
Тәуелсіздік-киелім,
Саған басым иемін!..
Туған жерім,Отаным,
Сені ерекше сүйемін!..
Аңсағаны бабамның,
Көксегені данамның.
Тәуелсіздік- берекем,
Жаңғырғаны санамның!
ҚАЙЫРМАСЫ:
Атқа отырсақ- жанамыз,
Жұлдыздайын ағамыз!..
Жорға мінген деседі,
Абылайдай бабамыз!..
Өткендердің арманы,
Үміттердің жанғаны.
Көңіл көкке ұмтылып,
Қырандайын самғады!.
Бір Алласы қолдаған,
Бір тынымы болмаған.
Ат үстінде батырлар
Елін жаудан қорғаған!..
Ер қанаты –ат деген,
Жігіт мінген баппенен.
Жауға шапса-серігі,
Тойға барса –көрігі.
Қайырмасы:
Атқа отырсақ- жанамыз,
Жұлдыздайын ағамыз!
Жорға мінген деседі
Абылайдай бабамыз!
Күй кернейді тыңдаңдар,
Домбырамның шанағын!..
Толтырайық думанға
Абылайдың алаңын!
Салтанатын жайқалтып,
Дулығасын шалқайтып.
Талай батыр өткен ғой,
Жорғаларын тайпалтып!..
Тәуелсіздік таңы атып,
Абыройым арытты.
Бұрын мұндай көріп пе ең,
Мәре-сәре халықты!
Ырыс-құтым молайды.
Өр болмысым зорайды.
Желдей есіп көңілің,
Жорға мінген қалай-ды!..
Көңіл өсіп, қуанып,
Марқаямын барыма.
Ел бірлігі-ұраным,
Дақ түспейді арыма!
Тәуелсіздік –киелім,
Саған басым иемін.
Туған жерім, Отаным,
Сені ерекше сүйемін!...