17.06.2022
161
АРДАГЕРДІҢ БАТАСЫ
Айналайын,ардақты балаларым,
Өмір көрдім,өткенді сараладым.
Ел басына кенеттен күн туған соң,
Тұлпарымды тым ерте тағаладым!
Соғыс көрдім жасымнан күңіренген,
Ақыл түйдім көппенен,жүріп елмен.
Қарақтарым,біліңдер,Құдай сақтап,
Солдаттардың бірімін тірі келген!
Айтарсыңдар, «Атамыз ардагер» деп,
Ерлік жолын жасынан таңды ол деп.
Жастық шағын өзіндей өрімдермен,
Отан қорғау жолына арнады ол деп.
Ал,сендерге бейбіт күн тілеймін мен,
Шақ болмасын жаныңа үрей кірген.
Жақсы болсаң жадырап,қуанамын,
Осал болсаң,жабырқап,жүдеймін мен!
Түзу болсын,әрқашан замандарың,
Құтты болсын аттаған қадамдарың.
Бердім бата қол жайып,ұрпағыма,
Көп болсын алар биік қамалдарың!