17.06.2022
250
Ойда, сөзде болуы үшін адалдық...
Ойда, сөзде болуы үшін адалдық,
Болуы үшін көгің көркем, қадам нық.
Санаңды тек жайлау керек жақсылық,
Жалауыңдай желбіреп тек адамдық.
Тіршіліктің кір-шаңына былғанбай,
Қол жетпеске құр ұмтылып, тырбанбай.
Жоғыңды жоқ дей алатын күнге асық,
Жанарыңда қызғаныш пен мұң қалмай.
Енді ұмтылдым тек жақсылық жасауға,
Көңіл сергек отырғандай асауда.
Ар- әлемім кір шалмайтын мәрмәрдан,
Әдемі бір ескерткішті қашауда!..