17.06.2022
173
Биік-ті арман-шыңдарым...
Биік-ті арман-шыңдарым,
Сүрінсем сосын қыңбадым.
Жолым тым алыс болған соң,
Арқаламадым мұң қабын.
Асылын сөздің бұлдадым,
Қазудан ойды тынбадым.
Жазуға бүгін бекіндім
Елудің есті жырларын.