17.06.2022
138
БАУЫРЫНДА ҚАР ЖАТЫР БУРАБАЙДЫҢ
Мүжілгенін көңілдің кім қалайды,
Қарап тұрсам өзім де мұңға баймын.
Өте беріп алыстан көз тастасам,
Бауырында қар жатыр Бурабайдың.
Жартысындай жазықсыз сынған Айдың,
Қатқан мұзға бүйірге мың қараймын.
Ызғарындай бүгінгі адамдардың,
Бауырында қар жатыр Бурабайдың!
Шырқын бұзып жағалай көкорайдың,
Сұлулықты суық мұз тырналайды.
Пейіліндей бүгінгі надандардың
Бауырында қар жатыр Бурабайдың!
Көкшетаудың ой-қыры тұнған айдын,
Бәз біреудің уәйімі кімге қайғы?
Жан баласын ренжітпей жүрсек, шіркін?!..
...Бауырында қар жатыр Бурабайдың!