17.06.2022
121
БҰРЫЛА КЕТЕР МЕ ЕКЕН АРНАМ МЕНІҢ
Бұрыла кете ме екен арнам менің,
Соныдан жол салудан талған ба едім?
Күнінде құралайдың Жайық кешкен,
Сарқыт боп Исатайдан қалған ба едім?!
Шыңға өрлер соны соқпақ салар ма екем,
Алаулап қызған өрттей жанар ма екем?
Махамбеттің ұшқыны емес пе едім,
Қасқайып қара жолды табар ма екем?!
Күлімдеп тағы бір таң атар ма екен,
Жаныма күз ызғары батар ма екен?
Көрейік бұ сынағын тіршіліктің,
Ақ алмас қап түбінде жатар ма екен?!