17.06.2022
120
ҒАБИТТІҢ ҒАДІЛБЕГІ
(Ғабит пен Гүлмайраға)
Толғандырған туысың кәміл мені,
Тебіренткен келісің, мәнің еді.
Төрт құбылам сенімен түгелденді,
Бір қайырма жетпейтін әнімдегі!
Бір кемдігім Аллаға мәлім де еді,
Бір кемшілік түзелді сәнімдегі.
Оттан-судан аман бол, айналайын,
Бөлекенов Ғабиттің Ғаділбегі!