17.06.2022
  135


Автор: Серік Жетпісқалиев

ЖАЙЫҚТАН ҚАЙТЫП КЕЛЕМІН...

Толқыны сүйген жағаны,
Әуенге толы алабы.
Ерліктің рухы тербеген,
Намысты қолдан бермеген,
Жайықтан қайтып келемін!
Арыстай азаматтары


Қазақтың қазанаттары.
Қонағын құдадай күткен,
Сарайдай киіз үй тіккен,
Жайықтан қайтып келемін!
Басына бақ-ырыс біткен,
Толғаған шежіре түптен.
Сарайшығы таңдай қақтырған,
Тереңнен мұнай аттырған,
Жайықтан қайтып келемін!
Қыздары қырмызы гүлдей,
Ақ көңіл жайдары Күндей.
Алдыңа бекіресін тосқан,
Жолыңа ниетін қосқан
Жайықтан қайтып келемін!
Қатал табиғат қайтара алмаған,
Алға сүйреген асқақ арман-ән.
Жолынан жығылмас, пейілі бөлек,
Сыйластық, құрмет жанына қорек
Жайықтан қайтып келемін!
Келтіріп дәйек-дерегін,
Мұнайын, күйін, өлеңін.
Жайықтың жақсылықтарын
Жалықпай айтып келемін.
Жайықтан қайтып келемін!
Жайығым, жайсаң өрелім,
Әрқашан қолдап, жебедің.
Төсіңде аунап тағы бір
Мерейім тасып келемін.
Жайықтан қайтып келемін!





Пікір жазу