17.06.2022
166
ӨҢМЕНІМНЕН ӨТЕДІ ӨМІР СЫЗЫ
Өңменімнен өтеді өмір сызы,
Күндердің көп жайсызы, көңілсізі.
Не істеріңді білмейсін, төнгенде кеп,
Жазықсыздан- жазықсыз тәңір сыны.
Жазғандарың қалады оқылмастан,
Ойлар азған тоз-тоз боп, тоқылмастан.
Ғибадатқа көшкенің ең абзалы,
Мағынасыз мәңгүртке қосылмастан.