17.06.2022
  120


Автор: Серік Жетпісқалиев

ЖОҚТАУСЫЗ ҚАЛАМЫН ДЕП ҚАЙҒЫРМАЙМЫН

Жоқтаусыз қаламын деп қайғырмаймын,
Өз тағдырым, ...ешкімді жазғырмаймын.
Ойлаймын әр күніме есеп беріп,
Алдында тұрамын деп ардың қай күн?
Сәуледей аңдаусызда бір көрінген,
Кім келіп, кім кетпеген мына өмірден.
Алланың сұрағына дайындалар,
Дүниенің мазмұнын біле білген.
Алаңдаған әр неге адам байғұс,
Із қалсын деп артымда далаңдайсыз.
Пенде-тірлік соңында дедектейміз,
Саңылаусыз көр кеуде надандаймыз.
Алласыз шын бақытты болармысың,
Не істесең жалғыз тоңған тораңғысың.
Әуелі ғибадат қыл, парызды үйрен,
Көрерсің сонан кейін сонанғысын.





Пікір жазу