17.06.2022
  124


Автор: Серік Жетпісқалиев

ТАҚЫРЫПСЫЗ ӨЛЕҢ

Қорғаушыдан жазықсыз кем болдың-ау,
Екі ортада қажетсіз, жем болдың-ау.
Тумай жатып ешкімге керегің жоқ,
Сені бағып-қағушы мен болдым-ау!
Өзге ісімді қаңтарып, жиып қойып,
Ақын көңіл желігін тиып қойып.
Босағада байланып отырайын,
Бөтелкеңе сүтіңді құйып қойып.
Мен, сірә, өзгелерден кем шығармын,
(Тек қана жақсыларға ерші, балғын!)
Саған мойын бұрмаса сүйенерің,
Тәрбиеден кем қылған мен шығармын.
Қара тастан қашалып жасалар мұң,
Сыбай-салтаң қалай бел аса алармын?
«Тірі жетім» дегізіп, жәутеңдетіп,
Қалай төрде уайымсыз жата алармын?
Жақсылыққа шөлдермін, қаталармын,
Қалай сені серпуге бата алармын?
Үйлеспеген шаруама өкінбейін,
Алла өзі айырар ақ-адал кім...





Пікір жазу