17.06.2022
137
ҚҰЛДЫРАП ҚҰЛАРЫМ БІР
Елес кезген, иесіз тұрағың тұр,
Ерте өштің, қайтейін, шырағым нұр.
Еңіреген мен болып Жайықтың да,
Отпен өртеп өзегін бір ағын жүр.
Тарқамаған шері әлі құмарың жүр,
Иесіз қалған жиырма бір сыбанып жүр.
Ішке түскен өкініш алшаңдатпас,
Атың жазып өшпестей, тынырым бір!..
Ағыл-тегіл, ой, сонда жыларым бір,
Тірлік әнін шалар ма құлағың бір?!
Атыңды атап аспанда ән қалдырып,
Шар болаттай шарт етіп сынарым бір!
Шыдарым бір,
тағы да шыдарым бір,
Тоқтағанша жыр-өлең бұлағым бір.
Шың басында атыңды жазып болып,
Өкінбестен
құлдырап
құларым бір!..