17.06.2022
  79


Автор: Серік Жетпісқалиев

ДАРИҒА-АЙ, БІЛІП БАРДЫМ ҒОЙ!..

Көк теңіз, дауыл тіледің бе,
Томсарып, тынып қалдың ғой.
Көк аспан, жауын тіледің бе,
Түнеріп тұрып қалдың ғой.
Сыр сақтап ақын жүрегімде,
Мен саған күліп бардым ғой.
Ой-хой, бір дауыл боларын,
Ақ нөсер, жауын боларын,
Кез қылып алыс әнімді,
Өзіңмен табысарымды,
Дариға-ай!
Біліп бардым ғой!





Пікір жазу