17.06.2022
188
КӨҢІЛІҢ СЕНІҢ ӨТКЕНДІ ЖОҚТАДЫ МА?
Түсіп алып көне бір соқпағына,
Көңілің сенің өткенді жоқтады ма?
Кездестің бе, таңырқап, әлі күнге,
Жайнап жатқан жырымның шоқтарына!
Наз айтты ма, тал-тоғай, тілдеді ме,
Майда-қоңыр ендің бе, түндеріңе.
Кездестің бе таңырқап, әлі күнге,
Үзілсе де солмаған гүлдеріме?!
Көз қысты ма, жадырап, жұлдызымыз,
Жұлдызымыз – қапалы мұңлығымыз.
Жерде жүріп екеуміз қиналсақ та,
Соған жетіп қалмағай “ұрлығымыз”.
Қарайлаудан, мейлі, көз талай талсын,
Жырым бүрін өзіңсіз қалай жарсын.
Ошақ жаққа кешкілік бара жатып,
Жұлдызыңа баяғы қарай салшы…