17.06.2022
  88


Автор: Серік Жетпісқалиев

БІРІНШІ ӨЛЕҢ

Аллаға қарай аттадым,
Жайнамаз жайып алдыма.
Өзгеден пана таппадым,
Болуы солай заңды да.
Қуандым бүгін, ерекше,
Қуаныш мұндай болмаған.
Шын бақыт осы емес пе,
Көңілім мұнша толмаған!
Қызғанбай ешкім, қызықпай,
Пенде боп тұрмын жай ғана.
Көзімді жаңа ашқандай,
Сұлу боп кеткен айнала!
Бұлыңғыр екен бұрынғым
Жетпейді мына шағыма.
Аллама қарай бұрылдым,
Ќұйылды шуақ жаныма.
Нәпсінің құлы боп жүргем,
Тарқамас бір күн құмары.
Арзан күн екен ол мүлдем,
Қазіргі күйім ұнады.
Ауадай таза жайландым,
Бөлшек боп кеттім ғаламға.
Ұлы Аллам, сенен айналдым,
Көрсеткен ақ жол Адамға.





Пікір жазу