17.06.2022
114
ЖАНЫМ, МЕН СЕНІ ӨКПЕЛЕТТІМ БЕ?
Жаным, мен сені өкпелеттім бе,
Көңіліңді – жайлау көктей өттім бе?
Кездесер жерге келмей көп күндер
Сезіміңді әсем өртең еттім бе?!
Жаным, сен менен күдер үздің бе,
Таяу секілді неге күз мүлде?
Жолықпас болсақ, оңаша тұрған,
Таң тамшы ілер таныс дүзгінге.
Көңілде кірбің, бөліндім кей күн,
Әзілге азапты ой төрін бермейді.
Ерте көктеп-ап, шашылып жатқан,
Аппақ гүлдерін өрік тербейді.
Жаным, мен сені өкпелеттім бе,
Көңіліңді – жайлау көктей өттім бе?
Нұрым деп сенген қызғалдағым-ау,
Сәулемді саған төкпей өттім бе?
Көңіліңді – жайлау көктей өттім бе,
Нұрымды саған төкпей өттім бе?
…Сағынған көзде ізгі арманын
Қымбат бір тамшы мөлтең еттің бе?