17.06.2022
  118


Автор: Серік Жетпісқалиев

АҚ ЖАЙЫҚҚА АҚҚУ СИРЕК ҚОНАДЫ

Туған жерге деген сезім жоғары,
Балғын шақты ұмытқаным жоқ әлі.
Сұлулығы әлемге аян болса да,
Ақ Жайыққа аққу сирек қонады.
Күз тартылып, көктемде су толады,
Тоғайынан шаруа шөбін орады.
Бірде арнасын көре алмайсын – шақырым,
Бірде “белі” үзілердей болады.
Малға, жанға содан сусын алады,
Ала жаздай жұрт мейірі қанады.
Енді бірде көз жанары біреудің,
Ойнап жүріп суға кетіп қалады.
Бір өкінтіп, бір қуантып Жайығым,
Жуып-шайып ағып жатыр айыбын.
Тамшысы едім сол Жайықтың, әйтеуір,
Менен де бір болар, жұртым, қайырым.
Ақын жүрек тым сезімтал, тоңады,
Туған жерім, тартар сиым көп әлі.
…Сұлулығы әлемге аян болса да,
Ақ Жайыққа аққу сирек қонады…





Пікір жазу