17.06.2022
125
ЖОЛЫҚҚАНДА ЖАНАРЫҢ ЖАСҚА ТОЛАР
Серги алмай, қойдым ғой,
Сағыныш па?
Мінезім де өзгерген алыпұшпа.
Бар дүние сырт берген секілденді,
Боп көрінді қыстың да таңы қысқа.
Әлдебір күш еңіске жетектейді,
Тек төсекте жатумен өтед кей күн.
Өмірге ынтық көңіл жоқ,
ауыр ойлар,
Кіріп алып басымды көтертпейді.
Серги алмай қойдым ғой,
Сағыныш па?
Болғаны ма жырымның бағы қысқа.
Әлде жүрек тасқынды бөгеп қалып,
Дайындалып жатыр ма жарылысқа?!
Серги алмай қойдым ғой,
Серги алмай,
Өр қиялдай алмадым,
Өр қиялдай.
Жолыққанда жанарың жасқа толар,
Ағыл-тегіл жылар ем мен де ұялмай…