17.06.2022
131
![](/uploads/shorttexts/author_image/4426c8a56b83bf45177903d9aa9c1c4d.png)
Ит қызғаныш кеудемде қаңсылады...
Ит қызғаныш кеудемде қаңсылады,
Қаққыласам көне ойдан шаң шығады.
Әрі-бері дедектеп, сабылады,
Ақылымның періште жаршылары.
Миым- ақ дән аршыған элеватор,
Адал пиғыл мысқалдап жеңеді ақыр.
Жау қамалын жайратқан жайсаң батыр
Ақ сенімім –
Жәй басып келе жатыр!