17.06.2022
  130


Автор: Серік Жетпісқалиев

Түсімде сені қызғанып жатыр екенмін...

Түсімде сені қызғанып жатыр екенмін,
Өле-өлгенімше қызғанып, сірә, өтермін.
Мүмкін де емес жек көру сені тіріде,
Ал сені сүю алдында тұру қатердің.
Айтқыштар айтар, қызғану, сірә, бекер деп,
Хас сұлулыққа адамның қалай еті өлмек.
Періштең болып қорғаштап жүргім келеді,
Әлдекімдердің көздері өтіп кетер, деп!





Пікір жазу