17.06.2022
107
![](/uploads/shorttexts/author_image/4426c8a56b83bf45177903d9aa9c1c4d.png)
ТАҚПАЙМЫН ТӨЗІМГЕ МІН
Тақпаймын төзімге мін,
Сені ойлап талай түндер көз ілмедім.
Сағыныш сағымының арасынан
Көрінсең –
Аялады сезім мені.
Сол сезім жетегінде,
Тәтті әуен қалмасын деп кешеуілдеп.
Таң ағарып атқанша жыр толғадым,
Отырып суып қалған төсегімде…