17.06.2022
  122


Автор: Серік Жетпісқалиев

ҰСЫНУҒА ӨЗІҢЕ БАТПАП ЕДІМ…

Сен қандай аппақ едің!
Өлеңімді оқыдың жатқа менің.
Жүрегімнен үзілген от гүлімді,
Ұсынуға өзіңе батпап едім.
О, неткен жарасымды!
Ұстазынан ұялған бала-сынды.
Екі бетің албырап оқи бердің,
Жүрек сол сәт бұлқынды, аласұрды.
О, неткен көрікті едің!
Әлденеге қуанып, еліктедің.
Жырды аяқтап болдың да батылсыздау,
Қолымды алдың жаныма келіп менің.
Сен қандай аппақ едің!
Өлеңімді оқыдың жатқа менің.
Саған деген мәңгілік сыйлығымды,
Осылайша қалтқысыз сақта менің!





Пікір жазу