17.06.2022
120
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed-10[1].jpg)
Сен маған неге...
Сен маған неге,
У сіңген көзбен қарайсың?
Қарайсың, сосын,
бастағы қанға тарайсың.
Қабағын түйген қап-қара ойға
үңілсем.
Масқара түнге малшынған майда
арайсың.
Қыршынды қидың қыл бұрау арқан
салдың да.
Мұң жанып жатыр Мұқандар өлген
шалғында.
- Кісімін десем...
- Жылқысың дейсің ... Ендеше:
Мінетін болсаң кісінеп тұрмын
алдыңда.