17.06.2022
  122


Автор: Сұраған Рахметұлы

ӨЛАРА САЛЫСТЫРМАСЫ

Көк Тəңірдің кірпігінде өлімсіреп,
Өлі өңдер.
Қамыстың көз – өзегінде қалғиды ел,
Соқыр қаздың қанатынан қаңғып жеткен өлеңдер,
Бұйра талға қонды солай сəн киген.
Моншақтарын шашып тастап жер – түндік,
Қызыл таңның қойынында шырқыраған əлдилер,
Көк шоқының ұялайды бөркінде.
Қиялайды қоңыр шуақ жақпардан,
Жүрегімнің ұясынан ұшып шыққан еркіндік.
Қобыз сыңсып, сойы ұзақ-ұзақтардан,
Қалауымды іліп кеткен қаршыға,
Қақ айырып бөліп берді сертімді.
Көз жасыммен ойып-ойып, шым қабатын ақтарғам,
Қарашығым жабысады шаршыға əр.
Үш кеңістік хайку сызып, мəн із десте ақ қарға,
Бір біріне жұптаса алмай, адасады сан сыңар,
Уысыма тамады арық тамшылар.
Қызыл тұман шөккен жолмен,
Ілбиді пəк атты арба.
Күлгін түстен шошынғаннан жан шығар,
Уыз уақыт нəрін сақтап қатты арға.
Қу жанымда қураған шөп – азу тістің қыршылы,
Тағы бір топ өзегімде… Аңшылар.
Жұлдыз болу кезегінде тізілген мың тіршілік,
Жұтқыншақ пен көмейдегі тұтылған аз кемеңгер,
Кетік тістер жыртығында қыршылып.
Ең бір ауыр түн көрпесін сілки алмай елеңдер,
Кешу тілеп, кеше қайтқан сағыныштар сарылған.
Беу, Сарыарқа, Құрманғазы-ай, Күй ата-ай,
Құрғақ милар қуысынан жалығып,
Уысымда жарылған.
Беу, жарасым кеңістік, Сен бармысың арымда?!
Құнанбайдың оң көзінен ұят-ай…





Пікір жазу