16.06.2022
  264


Автор: Рәміздер күні

Рәміздердің күнінде

Рәміздердің күнінде,
Ақ тілекті арнайық.
Патриоттық тұрғыда,
Әуендерді жалғайық.

Аман болсын елім деп,
Елтаңбаны жырлайық.
Жайнай берсін жерім деп,
Көк байрақты бұлғайық.

Теңдігіміз бір болсын,
Елдігіміз бір болсын.
Рәміздердің үнімен,
Шырқап айтар жыр болсын.





Пікір жазу