15.06.2022
  183


Автор: Сұраған Рахметұлы

Көңілді үскірік жеп, түтін тырнап...

Жатқанда дала жаурап
Құтырдың. Қап!
Дүрмекті сансыз дүлдүл жалына
Іліп,
Күн қайтты мендегі аз бітімді
Ұрлап.
Кеудесін күрең аттың қырау құрсап,
Бауырын теуіп қойып
Тұр-ау бір сәт.
Бүркіттің жанарында бел көшеді,
Жырық шың, жылы қолат
Жылан құрсақ.
Шамшырақ шалғы – аспанда,
Шаңырақ бек.
Сүлдердің жаны – қызыл, қабірі -
Ақ көк.
Қобыздың бес жүз жылғы кілтін
Басты,
Бір қозы ен даладан маңырап
Кеп.
...Бөрі ізі қой тіліне тисе ертегі
Сол ізді қозы жұлып күйсер
Тегі.
Меселі он саусақтың қайтқаны ма?
Кешегі Тәттімбетті ми шертеді.
Бүгін..





Пікір жазу