15.06.2022
114
Өзіңді жеп, өзіңмен келісе алмай...
Өзіңді жеп, өзіңмен келісе алмай,
Саяқтаусың аяғы кеміс аңдай.
Қаламыңның ұшында ит таласты,
Жеңісе алмай!
Дала да кең, күн жайлы,
Нысап та аман.
Бар мен жоқтың арасы үш-ақ қадам.
Есіңді жи одағай
«Омар Һаям».
Көкте Күнді көзімен құшақтаған.
Жүзің неге сазарған қысқы құмдай?
Кездесті ме кесір сәт,
Қысты ма ыңғай?
Еріп кеттің, беу сорлы, бері
Келсей...
...Су-су болған жейдеңді-ай,
Ұсқыныңды-ай!