15.06.2022
115
ҒҰМЫР
Ішкі ниеті алайып қарайтын бір
Тысқы арға.
Бәдіз ізін жасырып мың жасайды
Қыштар да.
Кедергінің кебінін екі айырып ендікте
Сеңгір көкте өлсін деп:
Қанат берген құстарға.
Еркіндікке аманат еткен күллі
Бағытын.
Тәңір үнін жамылып самғайды асқақ
тағы тым.
Ардың соңғы қиқымы құрт-құмырсқаға
жем болмай,
Зау биікке жерлейді ақырғы аппақ
Табытын.