15.06.2022
134
Күз өтеді, япыр-ай, күз өтеді...
Күз өтеді, япыр-ай, күз өтеді,
Көлеңкесіне оранып құз етегі.
Жылай қайтқан құстардың зарлы үнімен
Маңдайыңнан амалсыз сыз өтеді.
Күз өтеді, япыр-ай, күнін санап,
Тау қарайды қоңыр бел,
Тұлымшағы ақ.
Қоңырауын әндетіп мойынындағы,
Бөріменен ойнайды «құлыншақ ат».
Күз өтеді, япыр-ай, ентікпелі
Басын илеп бидайды желпіп кері.
Құмның жылы қабатын жастанады
Кешегі өскен сәбіздің жемтіктері.