15.06.2022
  94


Автор: Сұраған Рахметұлы

Күннің мұрты шалған жер...

Күннің мұрты шалған жер...
Сызы кепті.
Іріп түскен тамшының ізі де епті.
Көбелектің үстінде жатыр
Әлем,
Сан мың айшық, сансыз үн
Түз ілепті.
Қылша дөңнің шырмауық
Жүзі көк-ті.
Солқылдақ бұлт сырғып кеп
Құзын өпті.
Қобыз-құлын сүт иісін
Қайырғанда:
Арда тайдың тұмсығы «ызың» етті





Пікір жазу