15.06.2022
  134


Автор: Сұраған Рахметұлы

КҮН. АЛМА АҒАШЫ. ЫНДЫН

Бұла дала, бұла таң,
Нулы, шулы ән.
Алма өсіп тұр бұтақтың уысында әм.
Түннің барлық тылсымын
Ішке іркіп,
Үкі сөнген теректің қуысында.
Асқазанның ойнайды іші қышып
Ындын кетті
Шоқ талмап, ұшық ішіп.
Сәттік қана иланым
Күледі үстен,
Күн мен алма дидарын ұсынысып.
Дәметесің сананы ашықтырып,
Дәм ізіне түседі машық ғұрып.
Күн мен алма нұрына
Ұмтыласың,
Көлеңкенің тымағын басып тұрып.





Пікір жазу