15.06.2022
125
АЙДЫНДАҒЫ СУРЕТ
Айдындағы кім екен, таныдың ба?
Қандай да бір жұмбақ бар қалыбында.
Бұдан мың жыл бұрынғы пенде ме бір,
Құлдың басын шайнаған анығында?
Данаң, бақсың, боданың, шалығың да,
Тоқтағанын біле ме ол салы құмда?
Қас қағымның ажарлы
Қасіреті,
Таста ғана ізі бар алыбың ба?
Айдындағы өң қарайды тығып бір
Мұң.
Шерлі қаздың үнінен ұғып тұрмын.
Тозаңы жоқ ырғайдың тіні ме екен,
Тозағы көп денеге бұғыпты ырғын.
Айдың түбі сөнген сүт, қара жарық,
Байыбына жете алмай сана ғаріп.
Бейтаныс өң жалт етіп
Дөңге аттанды.
Айдалаға асығып барады арық.
Мөлдір судың жүзінде башпай
Ізі бар...
Иі жеткен мүмкін бұл басқа айыздар.
Малып едім қолымды сол айдынға,
Өлік сынды су беті тастай ызғар.