15.06.2022
  115


Автор: Сұраған Рахметұлы

Қаламымның ұшында терек кәрі.

Қаламымның ұшында терек кәрі.
Әуені жоқ бірақ та:
(Керек бәрі!)
Құлағымның құрышы құспен кетті,
Санаңды іліп қойыпсың Серекке әні.
Сом теректің түбінде шырқ айналам.
(Көре ме екен өз бетін жұрт айнадан?)
Тереземнің өрнегін түн салыпты-ау,
Сол өрнектің ішінде сұрқай дала. Ән.
Қалам тиген өрнектің балағы епті,
Бір топ тұман шекемнен жанап өтті.
Қарасудың қаймағы тілге оралды,
Жанарымның бедері жаңа кепті.





Пікір жазу