15.06.2022
  112


Автор: Сұраған Рахметұлы

Өткен жылғы аршаның иісі келді...

Өткен жылғы аршаның иісі келді,
Бозторғайды жылатып,
Озандатып.
Өткен жылғы арпаның қисыны енді,
Тамырында тарлаудың тозаң қатып.
Қыс кетігі сарғыш мұң
Сайда ағарған.
Самайыңда сәлде бұлт, жайдақ арман.
Өткен жылғы жапырақ
Жайды алақан,
Өткен жолғы дестесі қайда қалған?





Пікір жазу