15.06.2022
116
Кәнігі ызғар, кәдімгі
Кәнігі ызғар, кәдімгі
Шәлілі ызғар.
Алатаудың ығында әлі мұз бар.
Қызық екен осы бір
Бейіш іші,
Балағыма оралған «кәрі қыздар».
Түн шетінен ыдырап басталды
Ақ таң,
Торғай үні тамады аспан
Жақтан.
Шие жатыр жастанып
Жапыраққа,
Хабар беріп кеше өлген
Қасқалдақтан.