15.06.2022
  113


Автор: Сұраған Рахметұлы

УАҚЫТ

Бір өлең жазу керек-ті,
Кең айбат гүлге сүрінбей.
Көмкеріп тұрған теректі,
Көктемнің бұла бүріндей.
Бір өлең жазу жөн бе түн?
Бұтаққа қонған іңір құс...
Сипалап қойып көл бетін,
Солқылдап күлген «қыңыр» күш.
Себезгі нәрін бүркесің,
Құрғаған жанға мұң шылап.
Біреуден бәлки үркесің,
Байлаулы жүрек қыңсылап.
Тәлкек қып тұр ма Ай мені?
Дұрысы – қайту...
Ұйықтау...
Кешегі түнім жайлы еді,
Бүгінгі ойым сұйықтау.





Пікір жазу