15.06.2022
  128


Автор: Сұраған Рахметұлы

ҚҰДІРЕТТІ КҮШ НЕМЕСЕ...

Бұталардың кірпігінде ілулі тұр
күміс жас.
Мұндай сәтте: маңдай жазық,
дұрыс қас.
Бағалыңның бәрін алған (зәрі қалған)
түнді ойлап,
Жанарыңның аясынан жат әлемге
мұң ұшпас.





Пікір жазу