15.06.2022
  103


Автор: Сұраған Рахметұлы

Менің теңіз -көзіме

Менің теңіз-көзіме,
Жарық ай жүзген.
Қарамай тұрып, қалай сен...
Таныссың
Жағдайыммен?..
А, құдайым; Мен
Қоңсымын.
Қоңыр арманмен, бал уайыммен.
Жалғыз ұлымның
Шашынан иіскеп, жалғыз қанатым,
Жалқы өлең жазамын,
Жан қызғанатын.
Жалығайын деп,
Өзіме налымайын деп...
Жамыламын жалбыздың
Сан жүз қабатын.
Жалғыз қабат Үн.





Пікір жазу