15.06.2022
123
Сыбырлы күндіз сіңіп алыпты...
Сыбырлы күндіз сіңіп алыпты,
Қонақтап бозғыл ырғайдың үстін.
Мейірім түнеген жылы мамық түн,
Ұясы сынды сырнай дыбыстың.
Ғайни күздің жанарындай пәк,
Жүрекке салған ұясы құстың.
Ару қыздың анарындай хақ,
Ана даланың
Миясын құштым.
Беталды жаққа бұлдырық ұшты,
Бұйра қырқаның
Етегін қиып.
Гүлдерден теріп түрлі дыбысты,
Бұла сағымның
Жетегінде келемін ұйып.
Жаздың дыбысы (ғажаптай, сірә!)
Мәжнүн боп илләһ кеттік-ау деймін.
Азапқа асығып, кәззапты асырап,
Осып өтеді көк дырау кей күн.